• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:07:54
Алматы
+35°

Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жол ашқан атаулы әлеуметтік көмектің шарапатын аталған санатқа жататын меркілк жанұялар да айқын сезінуде. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бері Меркі ауданында 4000-ға жуық отбасыға көмектің дәл осы түрі тағайындалған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға бюджеттен 1 миллиард 920 миллион 500 қарастырылған. Ағымдағы жылдың 10 айындағы мәлімет ауылдық округтер бойынша 17261 мүшесі бар 3619 меркілік отбасыдан әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданғанын көрсетеді. Мұндағы 3327 отбасыға көмек шартты негізде ал 292 отбасына шартсыз ақшалай көмек берілді. Сондай-ақ әлеуметтік қолдауға зәру жергілікті тұрғындарға 200 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Бұл мүмкіндікті 10 отбасындағы 74 меркілік сезінді.

Сонымен қатар өңірде жергілікті уәкілетті органдардың шешімдерімен белгілі бір санатқа жататын тұрғындарға да әлеуметтік көмек көрсету шараларына да бюджеттен қаржы қаралып мақсатты игерілген. Атап айтқанда бұл бастама аясында 165 адамға жалпы сомасы 5 миллиард 605 миллион теңгеге жәрдем ақы төленген. Мұнан бөлек мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 96 отбасындағы 99 балаға 3 миллиард 711 миллион теңге төленді. Әлеуметтік қолдау шараларын ауданға қарасты елді мекендерде жұмыс жасайтын әлеуметтік сала мамандары да шет қалмайды. Ағымдағы жылы олардың тұрғын үйлерін жылытуға қажетті отын сатып алуға 28 миллион теңге бюджет қаржысы жұмсалды.

Жалпы бүгінде ауданда 2564 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Сәйкесінше олардың жай-күйі, қажеттіліктерін өтеу жұмыстары жергілікті биліктің жіті назарына алынған. Атап айтқанда мүгедектерді оңалту бағдарламасына сай оларды гигиеналық құралдармен және логопед, дефектолог мамандармен, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету мақсатында 34,1 миллион теңге игерілді. Сондай-ақ 17-әлеуметтік қызметкер 96 мүмкіндігі шектеулі мүгедектің үйінде оларға әлеуметтік қызметтердің 8 түрі бойынша қызмет көрсетуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта жасау мақсатында бейімделуге жататын 12 мекеменің жетеуінде бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір