• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:24:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 Аймақтар

Алдағы 3 жылда Меркі ауданда 5 мектеп салынып, 5 мектеп қайта жөндеуден өтеді

Жергілікті жердегі әлеуметтік-экономикалық өсім ондағы тұрғындарды білім ошақтарына тиісті сұраныстың өтелуінен көрінеді десек қателесе қоймаспыз. Сәйкесінше елді мекендерді мектеппен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің жіті назарына тек алдағы 2 жылдың ішінде Меркі ауданында 5 орта білім беру және орта білім беру мекемелеріне қосымша нысан салынбақ. Сондай-ақ есепті кезеңде аймақтағы 5 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ұрпақ санасына сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен мұндай нысандардың құрылысы Гранитогорск, Ойтал, Аспара, Меркі ауылдарында жүргізіледі. Атап айтқанда Гранитогорск ауылындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің орнына 120 орындық жаңа мектеп құрылысы қолға алынбақ. Сол секілді №15 Жауғаш батыр атындағы жалпы білім беретін мектебінің орнына да 80 орындық жаңа білім беру ұйымының ғимараты салынады. Ал №21 жалпы білім беретін мектебіне қосымша 150 орындық қосалқы ғимарат құрылысы мұндағы орын тапшылығын шешуге мүмкіндік бермек. Өйткені қазір ғасыр бұрын салынған білім беру мекемесінде 954 оқушы білім алып жатыр. Алайда мектептің әу бастағы сыйымдылығы 536 орын етіп көрсетілген. Қазір мектепке қосымша ғимарат құрылысына қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Орын тапшылығына байланысты негізгі мектеп жанына қосымша ғимаратсалу жұмыстары Ойтал ауылындағы №48 жалпы білім беретін мектебінде де жүргізілмек. Бұл қосымша нысанның сыйымдылығы 150 орынды құрайды. Ал Аспара ауылында №2 жалпы білім беретін мектебінің орнына150 орындық жаңа мектеп бой көтермек. Сәйкесінше бұл нысандардың барлығы дерлік білім басқармасымен бірлесе жасалған 2019-2021 жылдарға арналған дамудың жол картасына енгізілген. Олардың көбінің құрылыс жұмыстары 2021 жылдан бастап қолға алынатын болады.

Сонымен қатар аймақтағы 5 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, сараптама жіберілді. Өткен жылы әзірленген жобалық сметалық құжаттардағы өзідік құн оңтайландыруға байланысты қайта есептеліп, барлық нысандардан 176 миллион теңге бюджет қаржысы үнемделетінболды.

Мектеп ғимараттарын жаңадан салу, қолданыстағысына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізумен бірге мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында аудандағы 18 жалпы білім беретін мектептерінің асханаларын ағымды жөндеуден өткізілетін болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір