• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 22:57:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Медициналық қызмет сапасын арттыруға 2,5 миллиард теңге бөлінді

Жамбыл облысында алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету ісі жергілікті биліктің жіті назарында. Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 2 миллиард 500 миллион теңгедей қаражат қарастырылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл қаражаттың 315 миллион 400 мың теңгесіне 46 бірлік санитариялық автокөлік сатып алынды. Қазір бұл автокөліктің барлығы да жергілікті жәдел жәрдем стансаларына берілді. Өз кезегінде жедел жәрдем көліктерінің шақыртуларға дер шағында жетуі де мүдделі мемлекеттік мекеме басшыларының қатаң бақылауына алынған. Бүгінгі таңда облыс бойынша 138 жедел жәрдем автокөлігі GPS–навигациясымен жабдықталған. Аталған құрылғы көмегімен жедел жәрдем көліктерінің қозғалысын бақылауға алу және тиімді пайдалану мүмкіндігін берді. Тұрғындар тарапынан денсаулық сақшыларына түскен барлық шақырылымдар «КӨМЕК» автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданып, тіркеліп отырады. Жедел жәрдем бригадаларының науқастарға уақытылы жетуін бақылауды арнайы құрылыған мониторингтік топ назарына алған. Негізінен жедел жәрдем көліктерінің шақыртуларға кеш жетуінің себебі стансасынан кешігіп шығуы, диспетчердің жұмысы, көшелердің және үйлердің нөмерлерінің жоқтығы салдарынан орын алады. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары, үй алдындағы кедергілер, жүргізушілердің жол бермеуі, электрондық карта деректерінің жаңартылмауы науқасқа шұғыл жетуге кері әсерін тигізіп отыр. Бүгінде облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы аталған кемшіліктерді жою бағытында жұмыстарды қолға алған. Өз кезегінде бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімдігінің тұрақты бақылауына алынған.

Өңірдегі медицина саласының сапасын арттыруға бөлінген қаржының негізгі үлесі медициналық ұйымдарды медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыруға тиесілі. Бұл жұмыстарға ергілікті бюджет есебінен 2 миллиард 131 миллион теңге бөлініп, 587 дана медициналық техника сатып алынды. Ал өткен жылы медициналық ұйымдарға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға 2 миллиард 300 миллион теңге қаражат қарастырылып, 942 дана медициналық құрал жабдық алынған болатын.

Сәйкесінше бұл көрсеткіштер өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында қабылданған шаралардың нәтижелілігін көрсетеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір