• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:38:55
Алматы
+35°

Жамбылдық жастар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қызметкерлер Президенттік жастар кадр резерві жобасына белсене қатысуда. Түрлі салада еңбек етіп жүрген жастарға жоғары басшылық құрамда табылуынамүмкіндік берген жобаға республика бойынша 7312 адам өтініш берсе, ондағы 140-қа жуық өтініш жамбылдық жастардың еншісіне тиесілі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Президенттік жастар кадр резервіне өтуге үміткерлер өздерінің қарым-қабілеттері мен білім білігін бірнеше кезеңнен тұратын сында дәлелдеуі керек. Үміткерлерге арнаулы теориялық білім бойынша тест сынамасы алынып, олардың ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттері сыналған алғашқы кезең іріктеуінен 549 үміткер өтсе, бұл қатарға Жамбыл облыстан 4 жас маман іліккен екен.

Солардың бірі жобаның алғашқы кезеңдерінен сүрінбей өткен жас маман, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалында сарапшысы Данияр мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктер ғана іріктелер сынның жастарға берерімол екеніналға тартады.

–Президенттік жастар кадр резервінің алғашқы кезеңдері қатысушыларға мейлінше оңтайлы етіп ұйымдастырылған. Біз берілген тапсырмалар мен сынақтарда арнайы ақпараттық плаформада онлайн-режимде орындадық. Байқауға тест тапсыру үшін жұмыстан сұранып, Нұр-Сұлтан қаласына жол жүрудің қажеті де болмады. Барлық талаптарды қашықтықтан өзімізге ыңғайлы уақытта тапсырдық. Бұл кезеңдердегі тапсырмалардың барлығы да жас мамандардың қарым-қабілеті мен білім-білігін жан-жақты бағалауға арналған.

Ал жоба қорғау сынын мен өз қызметіммен байланыстырдым. Мен қазір болып еңбек етемін. Сондықтан да өз жобамда аталған жүйеге төлем жасау үшін арнайы терминалдар орнатуды ұсындым. Бұл терминалдар шалғай аудандардағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға тиісті төлем жасауға мүмкіндік береді, –дейді Д.Бурханов.

Президенттік жастар кадр резервіне өтушілер үшін қажетті екі кезеңде еш қиындықсыз еңсерген маман ендігі кезекте қабілеттерді бағалау сынының нәтижесін күтуде. Бұл сында жоғары нәтижеге қол жеткізсе жас маман сарапшылылық комиссия мүшелерімен жеке сұхбаттасуға шақыртылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір