• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:01:23
Алматы
+35°

Географиялық орналасуы мен табиғат жағдайы егін шаруашылығына қолайлы Меркі ауданында соңғы жылдары бұл сала серпінді дамып келеді. Әсіресе егістік алқаптарын ұлғайту, егілетін дақылдардың әралуандығы сынды көрсеткіштер көңіл қуантады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде аудандағы егістік жердің көлемі жалпы көлемі 100 176 гектар болса, оның 20474 гектары суармалы алқапқа тиесілі. Ағымдағы жылы аймақтаға 76 446 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Өз кезегінде көктемгі дала жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру нәтижесінде егіс алқабы 14 400 гектар ұлғайтылды. Осылайша меркілік шаруалар ауыл шаруашылық дақылдарын егу бойынша қойылған межені 18,7 пайызға асыра орындады.

Мұнда негізінен жаздық арпаның егу жоспары 3000 гектарға, жоңышқа алқабының көлемі 1600 гектарға, көкөніс алқабының көлемі 600 гектарға ұлғайған. Сондай-ақ, картоп, жүгері, майлы дақылдарын егу жоспары да 3-4 есеге асыра орындалған. Ағымдағы жылы меркілік шаруалар 25684,7 гектар алқапқа күздік бидай ексе, 23 201 гектар аумаққа көп жылдық шөптің тұқымын сепкен.

Осынау мол алқаптардан алынған түсімде жоғары болды. Жақында ғана аяқталған күзгі егіс жұмыстарының нәтижесінде 52 052 гектар астықты дақыл түрлерінен 131 173,2 тонна астық бастырылды. Шамамен әр гектарынан 25,2 центнерден өнім жиналды. Тарқатып айтар болсақ 25 684 гектар күздік бидайдан 54 705,5 тонна өнім жиналды. Күздік бидайдың әр гектарға шаққандағы түсімі 21,3 центнерден айналды. Сол секілді 26368 гектар жаздық арпадан 76464,7 тонна өнім жиналып, орташа гектар қайтарымы 29 центнерді құрады.

Жалпы мерейлі Меркі өңірінде соңғы жылдары егін шаруашылығы ерекше екпінмен дамып келеді. Бір ғана қантқызылшасын егуде меркілік диқандардың табыс қазанын қайнатып отырғаны көпке үлгі. Биыл аудан аумағында 2000 гектар қант қызылшасы егілген. Күні бүгінге дейін 105 гектар тәтті түбір алқабынан жиналған өнім көлемі 4650 тоннаға жетті. Бұл дегеніңіз гектарға шаққандағы орташа өнімділік 442,8 центнерден айналып отырғандығын көрсетеді.

Егін шаруашылығындағы мол түсімнің тағы бір себебі ретінде аймақтағы егіс алқаптарына тамшылатып суғару технологияларының енгізілуін алға тартуға болады. Өткен жылы мұндай жаңашылдық биыл 2374 гектар алқапқа енгізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір