• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:55:28
Алматы
+35°

Меркілік шаруалар қозы және мүйізді ірі қара малдың етін экспорттау ісінде көш бастап тұр. Сәйкесінше бұл саладағы серпін ішкі нарыққа жеттілігіне жұмсамалатын ет өндіру көлемінің де еселеп артуына мүмкіндік беруде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылы меркілік шаруалар мүйізді ірі қараның санын 21 басқа қой мен ешкі санын 10244 басқа, Қамбар ата түлігін 395 басқа ұлғайта алған. Соның есебінен олардан алынатын өнім көлемі де артқан. Мәселен жыл басынан бері меркілік шаруалар 6384 тонна ет, 26875,3 тонна сүт және 1599,9 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал өнімдерінің барлық түрлерінен өнім өндіру көрсеткіші едәуір артып отыр.

Бұл орайда аудандағы ет, сүт бағытында құрылған кооперативтердің көмегі көлдей. Бүгінде аудандағы 13 ауыл шаруашылығы кооперативінің 10-ы мал шаруашылығы бағытында жұмыс жүргізеді. Оның ішінде 6 коопертив сүт бағытында жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 231 мүшесі бар кооперативте 1711 бас сауын сиыр бар. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кооператив мүшелерімен 1668 тонна сүт өндірілген. Бұл кооперативтер негізінен Меркі ірімшік зауытын шикізатпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы саласындағы кооперативтің тағы бір шоғыры ет бағытында жұмыс жасайды. Қазір аудандар бұл бағыт бойынша қызмет ететін 4 ауыл шаруашылық кооперативі бар. 237 құрылтайшысы бар агроқұрылым ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында 725,1 тонна өнім өндірген. Сондай-ақ 1ауыл шаруашылығы кооперативі қой шаруашылығына серпін беру мақсатында құрылған.

Аудандағы мал шаруашылығының дамуына «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының қосар үлесі де қомақты. Өйткені ағымдағы жылдың 9 айында дәл осыбағдарлама шарапатын сезінген меркілік шаруалар 294 мүйізді ірі қара мал сатып алған. Бұл бағдарлама бойынша түзілген жылдың жоспардың 85,3 пайызын құрайды. Дәл осы жоспарға сай биыл аудандағы «Сыбаға» арқылы 4870 бас қой сатып алынуы керек болған. Өз кезегінде бұл жоспар артығымен орындалып, меркілік шаруалар мемлекеттік бағдарлама берген мүмкіндік есебінен 5718 Шопан ата түлігін отарға қосты.

Осылайша саланы қолдаудағы түрлі мемлекеттік бағдарламалар Меркідегі мал шаруашылығының дамуына кең өріс ашып отыр. Сәйкесінше бұл мүмкіндікті ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартудың лайықты ретінде қарастыруға әбден болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір