• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:38:29
Алматы
+35°

Дүнген халқының мәдениеті ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жатқан салт-дәстүрлер, фольклоры, мерекелері мен құндылықтарының жиынтығы. Жуырда Қордай ауданының Сортөбе ауылында дүнген этносының мәдениеті күні кең көлемде аталып өтуі соның айғағы десе болады. Аталмыш мерекенің басты мақсаты этностың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін көпшілікке таныту және қазақстандық бірегей қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту.

Іс-шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Маржан Құжаева, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы Рано Убайдуллаева басқарған аталмыш ұйымның бір топ мүшелері, облыстық дүнген мәдени орталықтарының «Вынхуа» қауымдастығы, еңбек ардагерлері, ауыл ақсақалдары, жастар, аудандық этнобірлестіктердің өкілдері қатысты.

Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов салтанатты түрде іс-шараны ашқаннан кейін, ауылдық орталық көшесімен шараға қатысушылар «Достық» маршын жүріп өтіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ноғайбай биге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.

Қатысушылар мен қонақтар дүнген халқының қолданбалы өнерімен танысып, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

- Бірлік, ынтымақ пен рухтың мықтылығының арқасында біз экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткіздік. Этносаралық және конфессия аралық келісімнің бірегей үлгісі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен жұмыс атқаруда. Мұның бәрі – Қазақстан халқының бірлескен еңбегінің жемісі. Келесі жылы елімізде Ұлы Жеңістің 75, Ата Заңның 25 жылдығы аталып өтеді. Облыста 87 этнос тұрады. Бұл дегеніміз – бірлік және «Рухани жаңғыру», - деді өз сөзінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Маржан Қожаева.

Дүнген этносының мәдениеті күні шеңберінде қоғам белсенділері Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық дүнген мәдени орталықтарының «Вынхуа» қауымдастығының грамоталары мен сыйлықтарымен марапатталды. «Вынхуа» қауымдастығының төрайымы Айша Идыбо аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңеске 100 мың теңгелік сертификаттарды тарту етті.

Ал, іс-шараға қатысқан бірқатар ақсақалдарға, Ноғайбай бидің шөбересі Нәсибеден Баратқановқа, Маржан Құжаеваға сый-сыяпат көрсетіліп, иықтарына дәстүрге сай шапан мен камзол жабылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір