• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:57:42
+35°

Қордай ауданының әкімдігінде аудан кәсіпкерлерінің Алматы қаласынан келген «Urbo Style» компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Қала құрылысы, сәулет және ландшафттық жобалау саласында жобалау жұмыстарымен айналысатын компания аудан дамуының кешендік жобалауын қолға алған. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ж.Сариев, аудан әкімінің орынбасары М.Күзербаев, Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өндіріс және туризм бөлімінің басшысы Қ.Мәметов қатысты.

Жиында бірінші болып сөз алған Ж.Сариев іс-шараның мақсатын түсіндіріп, кәсіпкерлер ауданның болашақ дамуы туралы ойларын ортаға салып, компания өкілдері оны облыс басшылығына жеткізіп, ауданның және жалпы облыс дамуының тиімді жолдарын таңдау қажеттілігін алға тартты. Сонымен бірге, кәсіпкерлерге өз ойларын ашық айтып, олардың пікірлері ескерілетіні айтылды. «Іс-шара Жамбыл облысының аумағында қала құрылысын дамыту және облыс аумағын кешенді дамыту шеңберінде өткізілуде. Бұл ауқымды жоба аясында даму стратегиясы әзірленіп, экономикалық база, әлеуметтік сала, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның дамуы көзделеді», - деді өз кезегінде «Urbo Style» компаниясының директоры Любовь Нысанбаева.

Жиынға қатысқан аудан кәсіпкерлері проблемаларды талқылауда белсендік танытқанын ерекше айтуға болады. Мәселен, «Самғау» ШҚ басшысы Е.Трубников ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру мәселесін көтерді. Кәсіпкердің айтуынша банктер ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен жұмыс істегілері келмейді, ал несие алған жағдайда пайыздары диқандар үшін қолайсыз. Сонымен бірге, сала үшін кадрлар тапшылығы сөз болды. Жастар ауылда қалмай, қалаға ұмтылып немесе такси жүргізуші болуды қалайды. Ал, ауылда механизаторлар ауадай қажет. «Ұмтыл» ШҚ басшысы Б.Сырлыбаев өз пікірін ортаға салып, мемлекеттік көмек алу барысында туындайтын қиындықтарды жасырмады. Қағазбастылық, мемлекеттік қорларда ұзақ және жалықтыратын келісім алу рәсімі кәсіпкерлердің мемлекеттен жеңілдіктік несиелерді алу ниетін қайтарып жібереді.  Дөңгелек үстел қатысушылары әріптестірін қолдап, бұл рәсім 7-8 айға созылатынын атап өтті. Компания өкілдері кәсіпкерлерді мұқият тыңдап, айтылған талап-тілектер мен проблемаларды облыс басшылығына жеткізуге уәде берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір