• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:35:26
Алматы
+35°

Ауыл шаруашылы – халықтың негізгі табыс көзі, Әулиеата өңірінің асыраушы саласы. Оны дамыту арқылы аймақ экономикасын көтеріп, тұрғындар тұрмысының тіктелуіне жол аша аламыз. Мұны шулықтар жете түсінеді. Сондықтан, аталмыш саладағы жұмыс қарқынын жыл санап арттырып келеді.

Бұған дәлел – Шу ауданында 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданда мал басының саны ірі қара малы – 33977 бас, қой-ешкі – 384814 бас,  жылқы – 12947 бас, түйе – 68 бас, шошқа – 1464 бас және үй құстары – 104785 басқа жеткен.

– Мал шаруашылығы бойынша 30727,1 тонна сүт сауылып, өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайызға орындалды. Өндірілген ет 6347 тоннаға жетіп, 103,3 пайызға немесе 204,2 тоннаға көбейді. Ал, алынған жұмыртқа саны 8118,5 мың данаға жетіп, 100,9 пайызға орындалды.

Ауданда 7 мал бордақылау алаңы және қой шаруашылығы бағытында – 7, жылқы шаруашылығы бағытында – 1 асыл тұқымды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері  жұмыс жүргізуде.

Шу ауданы бойынша  су үнемдеу технологияларын қолдану көрсеткіші 3405,5 га, оның ішінде тамшылатып суару жүйесі 3365,5 гектарды, жаңбырлатып суару жүйесі 40 гектарды құрап отыр, – дейді аудан әкімі Жарылқасын Айтақов.

Жалпы, суармалы жер көлемін арттыру мақсатында ауданда 3 су қоймасы – Тасөткел, Ақсу, Сарғау және 5 су бөгеті – Тасөткел, Бұланбай, Көкөзек, Алтай, Қайыңды халыққа табысты қызмет етуде. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінің теңгерімінде 3 магистральды канал және осы магистральды каналдардан бастау алатын 93 шаруа аралық каналдар орналасқан.

– Бүгінгі күнге Шу ауданы бойынша 4 фермерлік жылыжай жұмыс істеуде. Бұл аудан тұрғындарына жыл он екі ай көкөніс жеткізу жолында жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін көбейту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, 2018 жылдың қорытындысымен 8 кооператив тіркелген. Оның 6-ы нәтижелі жұмыс атқаруда, 2-уі несие ала алмауына байланысты жұмыстары уақытша тоқтап тұр.

2019 жылы Шу ауданы бойынша 15 кооператив құру жоспарланған. Оның екеуі сүт бағытында, он екісі ет бағытында, біреуі егін шаруашылығы бағытында. Аталған кооперативтердің сүт бағыты бойынша Ақсу, Төле би және Өндіріс ауылдық округтерінде 3 кооператив, ет бағыты бойынша Ескі Шу және Көкқайнар, Бірлікүстем, Тасөткел, Қорағаты ауылдық округтерінде 5 кооператив, егін шаруашылығы бағыты бойынша Бірлікте 1 кооператив құрылды, – дейді аудан әкімі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір