• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:47:34
Алматы
+35°

Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында IT-қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған орай, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өңір кітапханаларының қоғамдағы кеңістігін дамыту, оларды үздіксіз өзгеріп отырған шарттарға бейімделу мақсатында аудандық орталық кітапханаға қарасты ауылдық кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда.

Міне, осындай заман талабына сай қызмет көрсетіп отырған орталық жуырда Т. Рысқұлов ауданындағы Луговой ауылдық кітапханасынан да ашылды. Ашылу рәсімінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұрсұлу Топатаева құттықтау сөз сөйлеп, заманауи көп функционалды ақпарат беру қызметтеріне жеке тоқталып өтті. Аудандық цифрландырылған ақпараттық орталықтың кітапханашысы Искакова Алия Алтынбекқызы ауыл тұрғындарына еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қажетті құжаттарын рәсімдеп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты кеңес беріп өтті. Сонымен қатар, қадірлі қонақ ретінде шақырылған Луговой ауылдық әкімінің орынбасары Қайрат Әбілов, ауылдың ақсақалдар алқасының төрағасы Рысбек Алчабаев алғыстарын білдірді.

Жалпы, ауданда бүгінгі күнге дейін аудандық кітапханаға қарасты 11 ауылдық кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылған болатын. «Цифрландырылған ақпараттық орталық ашу» тұжырымдамасында көрсетілгендей, орталықтар ауыл тұрғындарына көрсетілетін электрондық ақпараттық қызмет аясын кеңейту, әртүрлі санаттағы тұрғындардың әлеуметтік маңызды ақпараттар мен анықтамаларға қолжетімділігін арттыру мақсатында өз қызметтерін ұсынуда. Цифрландырылған ақпараттық орталықтарда жылдамдығы жоғары интернет желісі арқылы түрлі ақпарат іздеумен қатар еgov.kz порталы арқылы 12 қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде жоғары сұранысқа ие зейнетақы қоры анықтамасы, балабақшаға кезекте тұрғаны жайлы, жылжымайтын мүліктер, азаматтың сотталған немесе сотталмағаны туралы анықтамалар алуға болады. Бұл шалғай ауылдардағы халықтар аудан орталығына барып уақыт жоғалтпайды деген сөз.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда орталық қызметкерлері http://zhambyl.cao-zhambyl.kz сайты арқылы жергілікті тұрғындарды ауыл, ауданның қоғамдық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік өмірі аясында жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып отыр.

«Цифрлық технологияларды енгізу – заман талабы» дейтін болсақ, цифрландырылған ақпараттық орталықтар ақпарат алмасуға үлкен мүмкіндіктер жасап отыр. Ендеше, тұрғындардың игілігі артып, кітапхана ісі әрқашан алға баса беретіні сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір