• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 22:26:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Жамбылда агросектор дамуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесінен баса назар аударғаны белгілі.

Бұл тұрғыда Президент: «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.

Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет,

Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек» деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы мән берген міндеттер Жамбыл облысында дакезең –кезеңімен іске асырылатын болады.

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласы еліміздің экономикасын алға сүйрейтін маңызды сала. Яғни, саланың атқарар жүгі де ауыр. Ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететіндер негізінен ауыл адамдары. Еңбекқор, төзімді, өз жұмысын жақсы көретін жандар. Осындай еңбекқор жанның бірі – Жуалы ауданы, Диқан ауылының тұрғыны Бауыржан Жұманов. «Бауыржан» шаруа қожалығының жетекшісі «Алтын алқалы» аяулы ана Сейсекүл Жұманова. Шаруа қожалықты 2003 жылы отағасы Әбділ Жұманов құрған. Марқұм Әбділ Жұманов нағыз еңбек адамы болған жан. Әке жолын қуған бала жұмысты жүйелеп, әрі қарай алып кетті. Бүгінгі таңда Бауыржан мал фермасында 30 бас сауынды сиыр мен төрт жылқы асырап отыр. Бауыржан жары Индира екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Индираның мамандығы - мұғалім. Бүгінгі таңда декреттік демалыста отырған Индира жолдасының көмекшісі. Отбасы болып жұмыла еңбек еткен Бауыржан мен Индираның еңбегі көпке үлгі. Иә, өмірде әкесінің жолға қойып берген шаруасын алып кете алмай, талан-таражға түсіріп жатқан азаматтар аз емес. Ал әке жолын қуып, талмай еңбек етіп, әрі қарай дамытып, әр нәрсенің қадіріне жете білетін жастар да кездеседі. Осы тұрғыдан келгенде Бауыржандай еңбекқор азаматтың еңбегіне тек қана табыс пен абырой тілейміз. Адам баласын тек адал еңбек қана баянды бақытқа бөлейді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір