• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:16:26
Алматы
+35°

Инвестиция тарту-салық түсімдерін арттырумен халық халық тұрмысын түзеуге бағытталған қадамдардың бірі. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені үнемі басты назарда ұстап келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет. Онсыз алдағы уақытта экономикалық өсім резерві шектеулі болады. Бұл – атқарушы билік басымдық беруі тиіс міндеттердің бірі.

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленген.

Мемлекеттік органдар, әсіресе, өңір әкімдері сол көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей жауапты болады» деп бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жоғары деңгейде жүктелген тапсырмаларға сәйкес, Жамбыл облысында игілікке бастайтын инвестициялық жобалар жүзеге асуда.

Мысалы, 2018 жылы жалпы құны 10 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 481 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Биылғы жылы жалпы құны 11,9 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаға 693 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын.

Аталмыш жобалардың ішінен биылғы жылға құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын 3 инвест жоба іске асырылып 17 жаңа жұмыс орындары құрылды, және де 7,5 млн.теңгеге өнім өндірілді.

Атап айтсақ, "Кордайский молочный продукт" ЖШС «Балмұздақ өндіретін жаңа автоматтандырылған желіні енгізу», "GREENWILL" ЖШС «Алғашқы аквопоника технологиясы негізінде салат дақылдары мен балықты өндіріп өңдеу», "Super-pharm" ЖШС – «Медициналық мақсаттағы бір реттік қолданылатын бұйымдарды өндіретін зауыттың өндірістік корпусының құрылысы» жобаларын жандандыруда. Жобаның құны – 3448,32 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 64 млн.дана. Жоба бойынша 108 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Мемлекеттік Картаға енген құны 7,3 млрд.теңгені құрайтын 5 жобаның жыл соңына дейін жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны – 471 бірлікті құрайды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір