• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:16:37
Алматы
+35°

Алматы қалалық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова брифингте қала мектептеріндегі әжетхана мәселесі туралы айтты.

– Таразда өкінішті жағдай болды. Алматы қаласында 3 мектептің әжетханалары сыртта орналасқан. Қалаға Наурызбай, Алатау аудандарының территориялары қосылғанда көптеген мектептерде осындай ахуал болды. Қазір жағдайды түзедік, көптеген мектептің санитарлық торабын ғимараттың ішіне кіргіздік. Тоспа су кететін шұңқырлар қазылды. Қазір Рахат Мәдениет ауылында орналасқан бір мектепте бұл әлі өз шешімін тапқан жоқ. 5 жыл бойы жаңа мектеп салу мәселесін көтеріп келеміз. Ол кезде мектептің сырттағы әжетханасының өзі сын көтермейтін жағдайда болатын. Келесі жылы Алматыда 8 жаңа мектеп салынатын болса, оның бірі осы ауданда бой көтереді. Екінші мектеп Шапағат шағын ауданында орналасқан. Бұл мектеп те 1958 жылы салынған болатын. Санитарлық торапты ішке енгізу үшін қажетті инфрақұрылым болмады. «Томирис» шағын ауданындағы №156 мектепке де осындай өзгерістер керек», - деді ол.

Оның айтуынша, мектептердегі әжетхана мәселесі 1-1,5 жылда өз шешімін табатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір