• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 23:21:19
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қараша, 2019 Аймақтар

Индустрияландыру картасының игілігі мол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек»,– деп атап көрсеткен болатын.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы аймақтағы кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда және индустриалды дамыту салалары бойынша бірнеше бағыттарда жұмыстар жүргізуде.

-Индустрияландыру картасы және индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылуға жоспарланған жобаларға мониторинг жүргізу, Мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын кәсіпкерлерге түсіндіру, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған сауда нысандарының сыртқы келбетінің ретке келтіруін талап ету мекеменің негізгі атқаратын жұмысы болып табылады.

Осыған орай, басқарма тарапынан индустрияландыру картасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, екінші бесжылдықта Жамбыл облысында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 55,5 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2330 жаңа жұмыс орындары ашылуда,-дейді басқарма басшысы Жеңіс Сариев.

Мысалы, 2015 жылы жалпы құны 7 млрд. тенгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 371 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ал 2016 жылы жалпы құны 18,7 млрд.теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 344 жаңа жұмыс орындары ашылыпты.

Сонымен қатар 2017 жылы жалпы құны 11,7 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске асырылды және 646 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір