• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:43:22
Алматы
+35°

Еліміз егемендік алғалы бері ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та салаға серпіліс сыйлау мақсатында стратегиялық мақсаттар қойып отыр.

Бұл тұрғыда Президент: «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.

Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет,

Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек» деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында ауыл шаруашылығын дамытуда бірнеше жобалар іске асырылуда.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған мех.отряд биылғы жылы 65 шақырымды құрайтын су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 5 мың гектарға жуық суармалы алқап қалпына келтірілді. Соңғы екі жылда 6247 гектар алқап толық сумен қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығындағы басты салалардың бірі - ол мал шаруашылығы.Мал шаруашылығында 10 айдың қорытындысы бойынша мал басы артып, өнім көлемі 3,3 пайызға өсті.Облыста «Сыбаға бағдарламасы арқылы 4109 бас мүйізді ірі қара және 40 650 бас қой сатып алынды.Биылғы жылы ауыл шаруашылығын дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аймақта жүзеге асырыла бастады.Тиімділігі дәлелденген жобаның ауылдағы ағайынның қызығушылығын тудырғаны анық. Мал бордақылау, егін егу, жылыжай ашу, тіпті шағын кәсіп ашуды жоспарлаған азаматтарға мүмкіндік беретін жоба биыл облыстың 11 ауылында жүзеге асырылуда. Бұл жобаны атқарған жағдайда осы ауылдарда ауыл шаруашылығы өнімі 2,3 есеге артады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір