• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:42:03
Алматы
+35°

Алматыда 27 қараша күні «Almaty Invest 2019» халықаралық инвестициялық форум өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шараның тақырыбы Қазақстанның оңтүстік астанасының инвестициялық тартымдылығын арттыру. 7 панельдік сессиядағы пікірталастарға 500-ден астам адам қатысады. Оның ішінде ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың, ҚР министрліктерінің, қаржы институттарының басшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

– Форумның мақсаты – бизнесті дамытуды ынталандыру, Алматыға шетелдік инвесторларды тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады. Алматы шетелден келген инвесторлар үшін ең тартымды өңірлердің бірі болды және болып қала береді. Аlmaty Investment Forum-бұл Алматы кәсіпкерлері мен әлеуетті инвесторлар арасында диалог орнатуға, қызықтыратын сұрақтар мен қойылған міндеттерді шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беретін алаң, – дейді форум ұйымдастырушылары.

Жаңа Жібек жолы бойындағы көлік-логистикалық орталық ретінде позициясын күшейтуі тиіс Алматының инфрақұрылымдық дамуы да жиында сөз болатын келелі мәселелердің бірі. Almaty Investment Forum 2019 сессиялары аясында Алматының жаңа халықаралық туризм орталығы ретінде тұсаукесері жоспарланған. IT-бизнес капитандары мен сарапшылар Алматыдағы стартаптар мен инновациялардың болашақ өсу секторларын талқылайды. Форум сессияларында беделді саясаткерлер, белгілі экономистер мен қаржыгерлер, әлемдік стартап-жобалардың негізін қалаушылар және жергілікті Think tank өкілдері сөз сөйлейді. Аlmaty Investment Forum 2019 хедлайнерлері: Түркияның бұрынғы вице-премьері Мехмет Шимшек, McKinsey жаһандық институтының басшысы Джонатан Вотцель, TiE Global қауымдастығының президенті Шарма Махавир Пратар, орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдері бойынша Nokia вице-президенті Микко Лаванти, Катар Сауда-Өнеркәсіп палатасының вице-президенті Мохаммед Бин Тауар Аль-Кавари, сондай-ақ жетекші қазақстандық компаниялардың топ-менеджерлері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір