• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:48:07
Алматы
+35°

Алматыда танымал ғалым Мейіз Қанышқызы Сәтбаеваны есте қалдыру үшін мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Мемориал Құрманғазы, 20 үйдің қабырғасына орнатылды.

Мейіз Қанышқызы – геология-минералогия ғылымдарының докторы. Ол өзінің ұлы әкесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың жолымен жүрді және Жезқазған кен орнын ашу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Құрамы рениге бай ерекше кен құрайтын минералдардың құрылымдық-морфологиясы бойынша докторлық диссертацияны қорғады.

Ескерткіш тақтаны Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов ашты.

«Мейіз Қанышқызы – көрнекті ғалым. Мына мемориалды тақта бүгінгі және келер ұрпаққа оны еске салатын болады. Мемориалдың ашылуы – қаламыздың мәдени және ғылыми өміріндегі тарихи сәт», – деді ашылу салтанатында М. Ахетов.

Ашылу рәсіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті М. Жұрынов, академиктер С. Оздоев және С. Қожахметов, геология-минерология ғылымдарының докторы Э. Сейітмұратова, Қ. И. Сәтбаев атындағы геология Институты архивінің директоры Н. Ниретина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Бибатырова, Мейіз Сәтбаеваның ұлы, геология-минерология ғылымдарының докторы А. Третьяков қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір