• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:12:51
Алматы
+35°

Марқұм Айару Ермек отбасының үлкені болған. 10 жасар қыз каратэ және бимен айналысқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Әкесінің айтуы бойынша, Айару каратэден әлем чемпионы болуды армандаған. Ол басқалардан төзімділігімен, табандылығымен ерекшеленген. 

" Мұндай қайғылы жағдайда маған бірнәрсе деу қиын. Үлкен қызым дайындықтан қалмайтын, күні кеше ғана әжесімен бірге каратэге барды. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан кезде қызымның қолында қараңғыда көзге анық көрінетін лента болған.  Кейін өзін ешкім соққыға жыға алмайтынын, машиналардың өздері тоқтайтынын айтыпты. Сонымен қатар ол көркем гимнастикамен, бимен де әуестенді. Үнемі жарыстарға қатысып, республикалық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болды. Ол өте қабілетті болатын, 5 жыл ішінде Санкт-Петербургтегі халықаралық фестивальде қазақ биімен бірінші орынды жеңіп алды. Каратэден жаттықтырушысы Айарудан үлкен үміт күтті, тіпті оны тегін жаттықтыра бастады", - деді марқұмның әкесі Асылхан Қазиев.

Асылхан Қазиевтің айтуынша, жол апатына кінәлі тараптан бір адам келіп кешірім сұрамаған. Айарудың өзінен кейін 3 сіңлісі бар. Қыздың әкесі Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияда жұмыс істейді. Ол  қалада күйші ретінде танымал. Ал анасы «Ақжайық» би ансамблінің жетекшісі.

Еске салайық, 20 қарашада сағат 20.50-де Орал қаласы Нұр көшесінің 5-шағынауданында белгісіз жүргізуші 10 жасар қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел жәрдем келгенге дейін қыз оқиға орнында қайтыс болды. Араға біраз уқаты салып күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір