• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:06:52
Алматы
+35°

87 миллион теңгені жымқырған банк қызметкері Ресейде ұсталды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуіншеше, ер адам Челябіде ұсталған. Ол жерге қазақстандық такси жүргізушісімен жетіп алған. 

"Күдікті жалдамалы пәтерде жасырынған. 20 қарашада пәтерде тінту жұмыстарын жүргіу барысында ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды –136 мың еуро (58 миллион теңге). Қазіргі уақытта қазақстандық Челябі қаласының уақытша тергеу изоляторында", – делінген полицейлердің хабарламасында.

Полициядағылардың ақпаратына сүйенсек, ұсталған қазақстандық ақшаның бір бөлігін 8 несиесін төлеуге жұмсаған. 

Қазіргі таңда қылмыстық істі  облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Бекет Аймағамбетов бақылауға алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір