• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:22:19
Алматы
+35°

21 қарашада жалпыреспубликалық іс-шара – Азаматтарды қабылдаудың Біртұтас күніне орай, Күршім ауданында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша бірыңғай қабылдау күні өтті. Аудан әкімі Д.Қажановтың қабылдауына тұрғындар түрлі мәселелерін айтып, көмек сұрап келді.

Жалғызбасты, көпбалалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған жандар, кәсіпкерлер түрлі арыздарын айтты. Қабылдау барысында жол, несие, тұрғын үй және жарықтандыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Әр арызданушының сұрағы мұқият қаралып, дер кезінде жауап беріліп, көбінің шешімі табылды. Күрмеуі қиын кейбір сауалдар бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырма берілді. Қысқа уақыт аралығында әр арызданушының мәселесі оң шешімін табатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір