• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:06:17
Алматы
+35°

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы және «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ (әрі қарай ӘКК) басқармасының өкілдерімен брифинг өтті.

Брифинг барысында ӘКК басқарма төрағасы Асқар Білісбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің, ең алдымен халық тұтынатын тауарлардың бағасы күрт өсіп кетпеуі үшін бағаны ұстап тұру шараларының жүріп жатқанын хабарлады.

Қазіргі кезде ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру шараларын жүзеге асыруда, олар – қалыптағы нан, ұн, сиыр және қой еті, көкөніс өнімдері.

– Қалада бағаны ұстап тұрудың кешенді шаралары қолға алынған, яғни бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға, азық-түлікті тікелей жеткізуге, бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктеріне ерекше мән берілуде, – деп атап өтті Асқар Білісбеков.

Нан жөнінде айтар болсақ, бүгінгі күні қалада нанның ағымдағы бағасын сақтау туралы келісімге қолжетті. Ол үшін ұн өндіретін «AizetFarms» ЖШС және нан шығаратын – «Рузи Нан», «Алматы Нан», «№7 нан зауыты», «Алтын Башақ» (әрі қарай НШК) сынды жетекші кәсіпорындармен нан шығаратын кәсіпорындарға (НШК) 2020 жылдың қаңтарына дейін 1 сортты ұнды үздіксіз жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Жеткізу көлемі – кем дегенде 3000 тонна, сараланған баға 115 теңге бойынша әрі бұған өнімді жеткізу де енеді.

Өз кезегінде НШК бір бөлке нанның бағасын 79 теңге шамасында ұстап тұруға міндеттенді. Аталған кәсіпорындар күніне кемдегенде 30 тонна өнім шығарады, қалада қалыпты нанды пайдалану тәулігіне 15%-ды құрайды.

Айта кетерлігі, ӘКК мен «Рузи Нан» НШК 800 мың бөлке көлемінде қалыпты нан шығару үшін тұрақты қордан 348 тонна 1 сортты ұн жеткізу, дайын өнімді сараланған баға бойынша (бір бөлкенің бағасы 75 теңге шамасында) сату туралы келісімге қол қойды.

Осылайша, республикаға шаққанда халық пен оның аз қамтылған санатын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде алматылық баға деңгейі ең төменгі мөлшерін сақтап қалуда.

Жетекші сауда желілерімен тұрақты байланыс орнату арқасында негізгі көкеніс өнімдерінің бағалары (картоп, пияз, сәбіз, қырқабат) 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың сәуірі бойынша тұрақты болады. Аталған өнімдердің баға дәлізі бөлшек саудадағы бағадан 15-20%-ға төмен.

Өндірушілермен бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде 1 кг. сиыр етінің бағасы 1900 теңге деңгейінде қалуда. Жалпы сомасы 100 млн. теңгеден асатын 60 тоннадан астам өнім сатылды. Бағаны ұстап тұруға жергілікті жерлердегі «жексенбілік жәрмеңкелердің» өтуі оң ықпал етуде. Оларға айына 240 мыңнан астам тұтынушы келуде, ал тауар айналымы 6 млрд. теңгеден астам.

«Magnum Cash&Carry» ЖШС келісім жасалды, олар фермерлерден егістік бастарында көкөністерді сатып алады, дұрыс сақтайды және аз баға (7%) қосып сататын болады. Келісімде ең төменгі бөлшек сауда бағалары қалыптасқан, картоп (желтоқсанда 110 тг/кг, сәуірде 145 тг. дейін/кг), сәбіз (132 тг/кг желтоқсанда, 162 тг. дейін/кг сәуірде), пияз ( 108 тг/кг желтоқсанда, 130 тг/кг дейін сәуірде), қырыққабат ( 148 тг/кг желтоқсанда, 200 тг/к дейін сәуірде).

Сонымен қатар, «Алель Агро» АҚ және «Скиф-трэйд» ЖШС («Small» сауда жүйесінің операторы) келісім жасалып, меморандумға қол қойылды. Оның барысында, «Small» дүкендерінде 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың сәуірі аралығында сату бағасы 797 тенге/кг деңгейінде болады. Өз кезегінде «Алель Агро» тоңазытылған құс етін «Small» жүйелеріне 745 теңгеден өткізген болатын.

– Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру жөнінде тұрақты қор құрылды. Есепті кезеңде оның қорында жалпы бағасы 722,5 млн. теңге болатын 2547,1 тонна өнім бар, оның ішінде бағасы 104,4 млн. теңге болатын 348,1 тонна қарақұмық, 265,6 млн. теңгелік 699,03 мың литр сұйық және өсімдік майы, 352,5 млн. теңгелік 1500 тонна қант өнімдері бар, сонымен қатар, бағасы 430 млн. теңге болатын 2000 тонна қант жеткізу үшін фьючерсілік келісім жасалды, – деп атап өтті Асқар Білісбеков.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің қосымша бағасын 15%-дан арттырмау жөнінде аудандар әкімдіктері мен 27 сауда субьектілерімен («Magnum», «Small», «Рамстор», «Тоймарт», «Carefood», «Galmart», «Столичный», «Юбилейный», «Чайка» және басқалары) меморандумға қол қойылды. Егер баға күрт көтерілсе немесе өнім тапшылығы байқалса, онда ӘКК өзінің жеке сауда инфрақұрылымдары және серіктестерінің сауда жүйелері арқылы тауар инвентаризациясын жасауға дайын.

Жалпы, Алматыда бағаны ұстап тұру жағдайы нарық конъюнктурасы және өнім өндіруші мен жеткізуші арасындағы қайшылықты реттеу механизмдері арқылы жүзеге асуда. Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмен деңгейде ұстау одан әрі сақталады деп болжам жасауға болады, – деп қорытындылады сөзін Асқар Білісбеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір