• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:17:36
Алматы
+35°

Жамбыл облысының майоры пара алды деген күдікке ілінді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің дерегін негізге алып. 

Жамбыл облысын Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор 35 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді. Ол әскери куәлік пен әскери тіркеу туралы куәлік бергені үшін пара алған деген болжам бар.

"Күдіктінің және қорғаушының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеуді сұрауына және келу міндеттемесіне байланысты процессуалдық ұстау қолданылмады. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар  20 қарашада Шымкент гарнизонының әскери соты Отырар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жеке құрамының басшысына айыппұл салды.

Әскери адам алаяқтық жасады деп сотталды: алдау арқылы қызмет мерзімін ұзарту туралы уәде үшін 80 мың теңге алған. Енді ер адам 800 мың теңге төлеуі керек. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте болуға тыйым салынды және әскери атағынан айырылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір