• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 18:55:22
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қараша, 2019 NEWS

Әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру туралы ұсынысты қолдаймыз – Б.Сағынтаев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындармен кездесті. Бұл туралы қала әкімі өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, қабылдауға келген тұрғындар тек үй, жер, коммуналдық проблемаларын шешу үшін ғана келмейді. Көптеген жандар мұнда жақсы идеяларымен де келеді.

"Бүгінгі қабылдауға келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерімен айналысатын Арнұр Ысқақов пен Нұргүл Сейітбекова болды. Олардың «Белсенді өмір» форумын өткізу және ыңғайлы киімдер тігу жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру туралы ұсынысын қолдаймыз.

Қолжетімді ортаны қаматамасыз ету – Nur Otan партиясы қалалық филиалының бақылауында тұрған маңызды мәселелердің бірі. Аппараттық жиында «Кедергісіз келешек» партиялық жоба туралы ақпаратты тыңдадық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны қалыптастыратын әрі мемлекеттік қызметті көрсететін 20 ұйымның жұмыстарында кемшіліктер бар, – деп мәлімдеді қалабасшысы. 

Оның сөзінше, партияның қалалық филиалының келесі отырысында аталған объектілер басшылары көрсетілген проблемалардың қалай шешіліп жатқанын баяндайтын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір