• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 15:58:31
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қараша, 2019 Оқиғалар

"Қарызға баттым": 87 млн теңге ұрлап, қашып кеткен жігіттің анасына жазған хаты табылды

Жауап алу барысында ол жаңа өмір бастағысы келгенін айтты. Тіпті өзіне пластикалық ота жасағысы келгенін айтты. Бірақ біз оны уақытында қолға түсірдік

Банктен 87 млн теңге ұрлап, шекара асып кеткен жігіттің хаты табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтының дерегін негізге алып. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов хабарлады. 

Мырзабай Шалбаев ақша айырбастау үшін банкке үлкен көлемдегі сома алып келген. Бейнежазбадан күдіктінің кассаға өтіп, кассир басқа жаққа қараған уақытта ақшаны сөмкесіне салып алып кеткенін байқауға болады.  Келесі күні ол Ресей шекарасынан өтіп кетеді. 

"Біз оның жас жігіт екенін ескердік. Ол біздің қалай қаруланғанымызды, қандай технологияны қолданатынымызды білмейді. Оның қайткен күнде де интернет қолданады деп болжам жасадық. Күдікті Челябинскке жеткенде пәтер жалдаған. Біз арнайы топ құрып, Челябинскке бардық, қасымызда банк қауіпсіздігі қызметінің өкілі болды. Челябинск аудандық Ішкі істер басқармасына өзім хабарластым, қызметкерлерін бізге жіберуін сұрадым. Такси жүргізушісі күдіктіні қалдырып кеткен жерден жұмысымызды бастадық. Іздерімен жүріп, таптық. Ол өз ісін біледі, ешбір қатесіз әрекет етті, телефондарын лақтырып жіберді, пәтерден шықпай отырды. Оны компьютерлік технологиялардың көмегімен таптық", - деді Бекет Айтмағамбетов. 

Кейін күдікті барлық телефондарын лақтырып жіберген. 

"Жауап алу барысында ол жаңа өмір бастағысы келгенін айтты. Тіпті өзіне пластикалық ота жасағысы келгенін айтты. Бірақ біз оны уақытында қолға түсірдік", - дейді Бекет Айтмағамбетов. 

Күдікті Жітіқарада жалдаған пәтеріне анасына хат қалдырып кеткен. 

"Мен қарызға баттым. Өмірімде мұндай жағдайға тап боламын деп ешқашан ойламадым", - деп жазған хатында. 

Еске сала кетсек, Жітіқара қаласындағы екінші деңгейдегі банк қызметкері 87 млн теңге ұрлап, Қазақстаннан қашып кетті деген күдікке ілінген. Кейінірек ер азамат Ресейдің Челябинск қаласында қолға түсті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір