• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:41:46
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қараша, 2019 NEWS

Алатау ауданындағы жер телімдері мәселесінің басымы шешімін тапты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 22 қараша күні Алатау ауданы тұрғындарымен екінші мәрте кездесті. Бұл – аудан тұрғындарымен осы жылдағы екінші кездесу, деп жазады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 9 тамызда «Еркін микрофон» форматындағы алғашқы кездесу өткен болатын. ол кезде 500-ден астам адам жазбаша және 400-ден астам адам ауызша сұрақ қойған еді. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешімін тапты, қалғандарына жіті сараптама жасалды, оның қорытындысы бойынша қаланың түрлі басқармалары мен қызметтеріне және аудан әкімдігіне 161 тапсырма берілді.

Аудандағы ең өзекті мәселенің бірі – жер телімдерін заңдастыру бойынша 930 проблемалық учаскенің 724-ін рәсімдеу жөнінде нақтылы шаралар жүзеге асты. Қалғандары бойынша қосымша жұмыстар жүруде, өйткені олардың кейбіреуі су қорғалатын аймаққа, көшелердің «қызыл жиегіне», электр өткізгіш желілердің қорғалатын аумақтарына орналасқан.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев «Жаңа Алматы» бесжылдық жоcпары аясында ауданды дамыту шаралары туралы хабарлады.

Коммуналдық мәселе бойынша шілдеден бастап 315 үй бар «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында ұзындығы 2,65 км болатын газ құбырының құрылысы жүруде. Газ құбыры іске қосылғанда «Теплоэнергетик» және «Энергостроитель» бау-бақша қауымдастығының тағы 298 үйі газбен қамтамасыз етіледі. Жалпы, ағымдағы жылдың аяғына дейін Алатау ауданында 4,15 км газ желісін тарту жоспарлануда.

Сонымен қатар «Әйгерім», «Өжет», «14-ші аумақ», «Ақбұлақ» (аяқталып қалды), «Шаңырақ-5», «Самғау», «Көк-Қайнар», «Шапағат», «Алғабас» секелді тоғыз ықшамауданда ұзындығы 291 км болатын инженерлік желі құрылысы жалғасуда. Және 156,6 км су құбыры, 134,5 км кәріз желісі тарттылуда. Аталған желілер іске қосылғанда Алатау ауданының тұрғындарынның 85 пайыздан астамы ауыз сумен қамтылмақ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір