• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:19:27
Алматы
+35°

Алматы қаласы Алатау ауданында 131 аула аумағы бар. Олардың 125-інде көше жарығы мәселесі шешілді, 53 аула толық абаттандырылды. «Ақбұлақ», «Дархан», «Өжет», «13-14 аумақтар», «Зерделі», «Самғау», «Әйгерім» және «Алғабас» ықшамаудандарын су басып қалу проблемасын шешу үшін ұзындығы 6 км болатын арық желісін салуға қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуінде белгілі боды.

«Дархан», «Шапағат», «Әйгерім-2», «Томирис», «Өжет», «Шаңырақ-1» ықшамаудандарында көше жарығының 767 бағанасы орнатылды.

«Нұркент», «Саялы», «Шапағат», «Зерделі» ықшамаудандарында 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Үш жылдық Jasyl Almaty жобасы аясында аудан аумағында 135 мың ағаш отырғызылатын болады.

Ауданда ұзындығы 120 км болатын және 12 ықшамауданды («Ақбұлақ», «Қарасу», «Көк-Қайнар», «Ұлжан-2», «Алғабас-АЗТМ», «Томирис», «Ұлжан-1», «Шаңырақ-2», «Дархан-Байбесік», «Әйгерім-1», «Әйгерім-2», «Саялы-2») қамтитын жаңа жол салынуда.

Биылғы жылы «Шаңырақ-2», «Ұлжан-1», «Көкқайнар», «Әйгерім», «Қарасу», «Дархан» ықшамаудандарындағы ұзындығы 23 километрден асатын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі кезде ауданда 641 автобус қызмет көрсететін 45 бағыт бар. Тұрғындардың өтініші бойынша 2019 жылдың соңына дейін қоғамдық көліктің қалалық паркін 200 автобус бірлігімен толықтыру жоспарланған. Осының есебінен жаңа бағыттар ашылады және бұрыннан бар бағыттарда автобус саны артатын болады. №69 және №102 бағыттар ұзарады, №10 бағыттағы автобустар жаңарады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір