• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:49:03
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

04 Қараша, 2019 NEWS

ШҚО-да Бесқарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Аймақ басшысының өкімімен бұл лауазымға облыс әкімінің орынбасары міндетін атқарған Шалқар Заманбекұлы Байбеков тағайындалды. Ол 2017 жылдан бері ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, жер қатынастары мен ветеринария салаларына жетекшілік етті.

Аудан активіне жаңа әкімді Даниал Ахметов таныстырды.

– Шалқар Заманбекұлы өте тәжірибелі басқарушы. Оның кандидатурасын мәслихат депуттары бірауыздан қолдады. Ол өзінің тәжірибесін Бесқарағай ауданын дамыту барысындағы маңызды мәселелерді шешуде қолданатынына сенімдімін, – деді Шығыс Қазақстан әкімі.

 Айта кетсек, Шалқар Байбеков 1967 жылы 6 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономика» мамандығы, кейін Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясының мемлекеттік сақтандырудың   аға инспекторы болып бастады.

 1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылы Павлодар қаласы, кейін Астана мен Қарағанды қалаларында Салық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы Салық департаментінің  Есіл ауданы бойынша  салық басқармасын басқарды. Кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік бақылау  және ұйымдық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір