• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:29:48
Алматы
+35°

Бүгін, 25 қарашада Нұр-Сұлтанда "Нұр Отан" партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп жатқан Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелеріне елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігу қажеттігін айтты. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды.

"Жиын барысында сөз алған Елбасы партия мүшелеріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігудің қажеттілігін және саяси бағыттың сабақтастығын жалғастыруды қайтадан еске салды", деп жазды Үкібай.

Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда президенттік өкілеттілігін тоқтатқанымен, әлі де елдегі биліктің бір тармағын ұстап отыр. Ол қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясын және өзі құрған қауіпсіздік кеңесін басқарады.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір