• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:09:11
Алматы
+35°

Желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы  "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Алматы-2 – Шымкент" бағыты бойынша 12 рейс "Алматы – 2"- ден 28 қараша, 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 желтоқсан және 2, 6 қаңтарда шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қантар күндері кері бағытта аттанады.

Ал "Алматы – 2 – Түркістан" бағыты бойынша 4 рейс "Алматы-2"-ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан, сәйкесінше, 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері шығады.

Сондай-ақ "Маңғыстау – Бейнеу" бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 6 қаңтарға дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 7 қаңтарға дейін тақ күндері жүреді.

Одан өзге "Нұр-Сұлтан – Шу" бағыты бойынша "Тұлпар – Тальго" вагондарынан жасақталған екі рейс 31 желтоқсан мен 2 қаңтарда жүреді. Сондай-ақ, №712/711 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент" коммерциялық пойызы 8 желтоқсаннан бастап күн сайын қатынайды.

Толық ақпаратты  "105" бірыңғай анықтама қызметінің нөміріне хабарласып, біле аласыз.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір