• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 16:39:58
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

26 Қараша, 2019 NEWS

"ЦОН"-ға барудың қажеті жоқ. Мемқызметтің 90 пайызы интернетпен жүзеге асырылады

 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. 

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне 723 мемлекеттік қызмет енгізілген, олардың 580-і немесе 80% электронды форматта, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 648 қызмет немесе қызметтердің 89,6%-ы ұсынылады. 143 қызмет немесе 19,8%-ы әзірге қағаз форматында ғана қолжетімді. 182 мемлекеттік қызмет бойынша бизнес процестер оңтайландырылған, құжаттардың орташа саны 30%-ға – 6-дан 4-ке, қызмет көрсетудің орташа мерзімі 3 есе – 31-ден 10 күнге дейін қысқартылған. 2018 жылмен салыстырғанда, композиттік мемлекеттік қызметтердің саны 2 есеге артқан.

2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «eGov» порталында 10 млн астам пайдаланушы тіркелді, 36,5 млн қызмет алынды (2018 жылы – 27,5 млн қызмет). «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасы әзірленді. Қосымшада 31 қызмет пен сервис іске асырылды, осы жылдың соңына дейін қосымша 32 қызметті іске асыру жоспарда бар.

2018 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық сауаттылық деңгейі 79,6% құрады, жоспарланған көрсеткіш – 77%. Биыл 532 мың адам оқытылды, жоспар бойынша – 462 846 адам.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құжаттарды қабылдау және беру үшін Қазпоштаның 1656 бөлімшесі, 348 фронт офис, 16 мамандандырылған, 17 көші-қон және 18 цифрлық ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады.

«Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80%-на халық интернет арқылы қол жеткізе алатын болады. Біздің алдымызда келесі жылдың соңына дейін осы көрсеткішті 90%-ға дейін жеткізу міндеті тұр», – деді А. Мамин. 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір