• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:07:38
Алматы
+35°

26 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

Назарбаев жүйесінің бас идеологы болған Марат Тажин Еуропа асты. «Қарт құрлыққа» кетті. Енді  жырақта жүріп Назарбаев пен Тоқаевтың, елдің  сыртқы саясатын жүргізетін болады.

Ол келер жылы алпысқа келеді. Алпыс-тал түс...

Бірақ мәселе мынада: біз Тажиннің ұлт үшін жасайтын ұтымды жобаларын, интеллектуалдық потенциалын толыққанды пайдалана алдық па?

Ол әкім болған жоқ. Облыстан облысқа ауысып, әкім қараның шекпенін киген жоқ. Ол үнемі Ақордада жүрді.

Президент әкімшілігінде істеді.

Ол мемлекеттік хатшы болды.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.

Сыртқы істер министрі болды.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінде жүрді.

Сосын Ақордаға қайта оралды.

Ұлтқа қатысты ұтымды жобалардың барлығының басы-қасында Марат Тажин жүрді.

Ол Қазақстан саясатындағы ауыр салмақты таза, адал саясаткер еді.

Оның атынан сөз ерген жоқ.

Ол былық-шылықтан, жемқорлықтан бойын аулақ ұстады.

"Бірақ оның саясаттағы дәуірі аяқталды" деп болжам жасауға бола ма?

Өйткені оның пенсияға шығуына үш-ақ жыл қалды.

Оның қазаққа қатысты  «Тарих толқынында», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзі неге тұрады.?

... Ол енді Чехияда тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір