• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:12:59
Алматы
+35°

Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасы үшін ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып.

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

"Соттың соңғы отырысы қыркүйек айында болған. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Біз соны күтіп отырмыз. Соттың шешімі шыққаннан кейін экстрадициялауға болады. Тәртіп бойынша оның туған-туыстары бас прокуратураға Ақжарқынды экстрадициялау туралы өтінішхат жолдайды. Соның негізінде бас прокуратура Қытайдағы контр әріптестерге сұрау салады. Олар өз кезегінде сотталған адамды бере ме, жоқ па, өздері шешеді. Оң шешім болса, экстрадиция жасалады", - деді Нұрышев.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайды. Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

"Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс", - деп атап көрсетті Нұрышев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір