• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 18:59:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

27 Қараша, 2019 NEWS

Алматының жетістігі сіздердің де толайым табыстарыңызға айналмақ. – Б. Сағынтаев

Оңтүстік астанада Almaty Investment Forum 2019 басталды. Оған 700-ден астам іскер топтардың өкілдері қатысуда.

Форумда сөз алған қала әкімі Бақытжан Сағынтаев іскерлік басқосудың Алматыға қар жауған шақпен қатар келгенін атап өтіп, форум қатысушыларын шаһардың ғана емес, тұтас ел мақтанышы – Шымбұлақ тау-шаңғы кешеніне демалуға шақырды.

– Сіздермен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылауға және іскерлік байланыстарды орнатуға зор мүмкіндік беретін Алматының басты алаңы – бүгінгі инвестициялық форумда қауышқаныма шын жүректен қуаныштымын. Форум жұмысының жемісті боларына кәміл сенемін! Қазір Алматыда ең батыл жоспарлар мен ірі инвестицияларды жүзеге асыру үшін аса қолайлы кезең.  Біз, өзіміздің инвестициялық идеямызды Уоррен Баффет принципі негізінде бір ұсыныспен қалыптастыруға тырысамыз. Бүгін Алматы қаласына үлкен сенім білдірсеңіздер, Алматының жетістігі сіздердің де толайым табыстарыңызға айналмақ. Біз нені меңзеп отырмыз? Іс жүзінде бұл форум – Алматыда алдағы 30 жылға арналған даму стратегиясы қалыптасып жатқан тарихи сәтте өтуде, – деген әкім жақында ғана Алматының 2050-ші жылға дейінгі Даму стратегиясы әзірленіп, ол қала тұрғындарының кең талқылауына ұсынылғанын атап өтті.

– Алматы –  2050 стратегиясының негізгі мақсаты – өмір сапасы мен бизнес мүмкіндіктері жоғары әлемнің ең үздік 100 қаласының қатарына ену. Ол үшін мықты экономикалық негіз қажет. Қала экономикасы жылына кемінде 5% қарқынмен дамуы тиіс. Мұндай өсуді қамтамасыз ету үшін, біз, қалалық экономиканың терең құрылымдық реформаларын бастаймыз. Басымдық жаңа экономика секторларына жасалады. Біздің нақ осы құрылымдық маневріміз инвестициялау үшін түбегейлі жаңа өрістерге жол ашпақ, –  деді әкім.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір