• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:39:19
Алматы
+35°

Бұл туралы Almaty Investment Forum 2019 барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

– Неліктен әлемдегі кейбір қалалар қарыштап алға жылжып, табысқа жетеді де, ал ендігі біреулері, керісінше, кедейленеді? Мені Сан-Франциско, Калифорния мысалдары қызықтырды. Халқының жан басына шаққандағы Сан-Франциско табысы – ең кедей американдық қалалық аймаққа қарағанда үш есе жоғары. Сан-Франциско табысының сыры неде? Мұның сыры келесі үш түрлі себепке байланысты. Өмір сүруге қолайлы тамаша климат жағдайлары – АҚШ-тың қолайлы күн белдеуі, дамыған инфрақұрылым және АҚШ-тағы ең үздік бизнес-климат. Сондай-ақ, үшінші және бастысы деп есептеймін. Негізгі драйверлері жаңа индустриялар саналатын қалалық экономиканың алдыңғы қатарлы құрылымы. Сан-Франциско сияқты қалалардың жолы бізге өте қызықты. Қалалық экономиканың құрылымдық маневрінің идеясы осыдан шығады, –  деді Б.Сағынтаев.

Оның сөзінше, бұндай алғышарттар Алматыда да бар.

– Жалпы, Алматы да «күн белдеуінде» тұр. Мен тек климатты ғана айтып тұрғаным жоқ. Біріншіден, Алматы инвестклимат бойынша жетекші орынға ие. Өздеріңіз білесіздер, Дүниежүзілік банктің ұлтішілік рейтингісінде Алматы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстанның барлық өңірлері арасында бірінші орында тұр. Тағы бір айрықша оқиға – осы жылдың қыркүйегінде Fitch агенттігі біздің қалаға ВВВ несиелік рейтингін – Қазақстанның дербес рейтинг деңгейін берді, бұл инвестиция үшін тәуекелдің төменгі деңгейін білдіреді. Іс жүзінде, Қазақстандағы ең үздік бизнес-климат – Алматыда. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы өзге бірде-бір мегаполис мұндай халықаралық несиелік рейтингке ие емес. Екіншіден, Алматы – Қазақстанның ірі экономикалық аймағы. Қала экономикасының көлемі – 12,1 трлн.теңгені немесе 35 млрд.долларды құрайды. Бұл – жалпы ішкі өнімнің бесінші және салықтардың төрттен бір бөлігі. Алматы – жалпы өңірлік өнімі жан басына шаққанда 19 мың долларға жуықтайтын, Орталық Азиядағы ең табысты мегаполис. Үшіншіден, өмір сүру мен бизнестің қолайлы жағдайларының арқасында Алматы – адам капиталының концентраторы. Біздің қалада елдегі және өңірдегі ең креативті, ең батыл әрі білімді адамдар шоғырланған. Қала әкімі ретінде, креативті адами капитал Алматының басты бәсекелестік артықшылығы деп санаймын. Бұл қағидатты мен қалалық дамудың барлық жоспарларына енгіземін.  Төртіншіден, біз қалалық инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуды бастаймыз. Мегаполисте өмір сүру сапасы мен жайлылықты арттыру үшін біз қысқа мерзімді және орта мерзімді даму жоспарларының арнайы пакетін қабылдадық. Олар бірінші кезекте «жаңа Алматыға» – яғни мегаполистің шеткі аудандарына, сондай-ақ Алматы агломерациясына қатысты. Екі жоспар да қаланың кезек күттірмейтін мәселелерін жылдам шешуге бағытталған: сумен жабдықтау, жарықтандыру, абаттандыру және қауіпсіздік. Алматының ұлғаюы көп орталықты болады және қаланың әр түрлі бөліктеріндегі бірнеше аймақтарда шоғырланады, –  деп атап өтті ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір