• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:39:50
Алматы
+35°

Бұл туралы Almaty Investment Forum-да қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Шаһар басшысы алдағы уақытта экономиканың қандай салалары қарқынды дамитынын айтты:

"Бірінші. Біз Алматыны жаһандық іскерлік орталық, жаңа Жібек жолындағы маңызды көліктік-логистикалық және туристік хаб ретінде көреміз. Ол үшін өңірлік және халықаралық нарықта қажет қызмет көрсетулерді, білім мен жоғары біліктілікті талап ететін салаларды дамытатын боламыз. Бірінші кезекте бұл – қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, логистика және дистрибуция. Аталған салаларда Алматының тұрақты дәстүрі, жоғары дәрежелі кадр мектебі, биік беделі және өсу перспективасы бар. Алдағы уақытта біз экономика және жұмыспен қамту құрылымындағы осы секторлардың үлесін ұлғайтатын боламыз.

Екінші. Инвестициялар үшін, әсіресе, Алматы қаласының құрылыс кешені – оның ішінде тұрғын үй жылжымайтын мүлкі, медициналық және білім беру инфрақұрылымы, жол құрылысы мен коммуналдық шаруашылық, демалыс және ойын-сауық нысандары тартымды . Бұлардың барлығында зор әлеует пен сұраныс, ауқымды жоспарлар бар. Тұрғын үйді іске қосу көлемі жыл сайын ұлғаюда және 2 млн. астам шаршы метрді құрайды. Халық санының көбеюін ескерсек, сапалы және қолжетімді тұрғын үйге деген қажеттілік артуда. Сондықтан, қала әкімдігі инженерлік инфрақұрылымды ескере отырып, ипотекадағы жеңілдікті мөлшерлемемен тұрғын үй саласына инвестициялауды ынталандыратын болады. Бұл орайда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты ең негізгі тетік болып табылады. Мұнда сондай-ақ, қалалық бюджет кепілдік берген төлемдерге инвестиция өсімінің үлкен әлеуеті бар. Құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндіру үшін Алматы индустриялық аймағының әлеуетін пайдалану ұсынылады.

Үшінші. Алматының экономикалық өсуінің маңызды драйвері әлеуметтік экономика деп санаймын. Ең алдымен, біз білім беру және денсаулық сақтау салалары жөнінде айтып отырмыз. Бұл салаларға елеулі салымдар бағытталатын болады. Өйткені, алдағы өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін тек таяудағы 5 жылда кемінде 19 мектеп пен 16 қосалқы нысан, 400 мемлекеттік және жекеменшік балабақша, 30 медициналық мекеме салу талап етіледі. Бұл жобаларға бизнестің де өзара тиімді жағдайда атсалысуына үміт артамын. Жеке меншік балабақшалардың, мектептер мен клиникалардың дамуына барынша ықпал ететін боламыз.

Төртінші. Алматы экономикалық өсуінің келесі перспективалы драйвері – туризм. Мұнда бизнес бастамалар үшін үлкен алаң шоғырланған. Қазірдің өзінде Алматы туризм үшін негізгі «орталық» болып табылады. Өткен жылы мегаполиске 1 млн. астам турист келді. Бұл республикаға келетін шетелдіктердің 43,9%-ы. Туристердің келуімен бірге қонақ үй бизнесі қарқынды өсуде. Алматыда қонақ үй орындарының саны 2015 жылдан бастап 41%-ға артты. Айрықша оқиғалар, іскерлік, спорттық, сауықтыру және мәдени-білім беру деп жіктелетін туристік саланы туриндустрияның заманауи қағидаттарына сай құратын боламыз. Әлемдік мегаполистердің тәжірибесі туристер қайда болса, сол жерге инвестициялық салымдардың түсетіндігін дәлелдейді. 2050 жылға қарай қаланың жалпы өңірлік өніміндегі туризмнің үлесі 6%-ға жетуі тиіс.

Бесінші. Біз Алматыны «ақылды қала» ретінде дамытатын боламыз. Ол үшін жоспарлау мен құрылыс салуда, тұрғын үймен және коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуде, қауіпсіздік, көлікпен тасымалдау, білім беру, қоғамдық денсаулық, қаланы тұрғындармен бірлесіп басқаруда үздік әлемдік смарт-тәжірибелерді қолданамыз. Қала экономикасының жаңа индустриясына және цифрландыруға – оның ішінде электронды коммерция мен төлемдер, блок-чейн, интернет-заттар, ауқымды деректер және т.б. сол секілді перспективалы салаларды дамыту үшін платформалар құруға елеулі басымдық жасалады. Ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға, жаңа ақпараттық технологияларға, жоғары технологиялық тауарлар өндірісін дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Алматы айтарлықтай ғылыми-техникалық әлеуетке ие. Мұнда еліміздегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың 35%-ы орналасқан. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындайтын барлық қызметкерлердің 42%-ы жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жоғары технологиялардың халықаралық нарығына шығу үшін инвесторларды Алматының тиімді инновациялық экожүйесін жедел қалыптастыру жұмыстарына қатысуға шақырамын. Экожүйеге – жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары жанындағы трансферт және технологияларды коммерцияландыру орталықтары, технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктер, инновациялық және IT-кварталдар енетін болады.

 Алтыншы. Біздің Стратегиямыз Алматыны мәдени креативті қала – әлемнің түпкір-түпкірінен инвестициялар мен таланттарды өзіне тартатын, сондай-ақ «білім экономикасы» инновациялары мен жаңа индустриялар орталығы ретінде дамыту. Сондықтан креативті экономика туралы айрықша атап өткім келеді. Бұл инвестиция үшін ең перспективалы сала. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамына сәйкес, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының 65%-ы әлі пайда болмаған мамандықтар бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа мамандықтардың барлығы шығармашылықпен, жаңаша ойлаумен байланысты боларына сенімдімін. Креативті индустриялар – жақын болашақтағы экономиканың, әсіресе үлкен қалалардағы, ең перспективті бағытының бірі болмақ. Стив Джобстың бүгінгі әлемде идеялар ең құнды тауарға айналады дегенін естеріңізге салғым келеді. Бұл пікір дәлелденуде. Әлемдік ірі корпорациялар қазірдің өзінде білім капиталына түбегейлі ауысқан. Мәселен, әлемдік компаниялардың нарықтық құнындағы материалдық емес активтердің үлесі соңғы 40 жылда 17%-дан 84%-ға дейін өсті. Әлемдегі ірі компаниялар рейтингінде алғашқы орындарды Google, Apple, Facebook, Amazon иеленеді. Бүгінгі таңда Алматыны Орталық Азияның ең креативті қаласы деп айтуға болады. Еліміздің креативті секторының 45% біздің қаламызда шоғырланған. Алматы – ІТ қалыптастырылған дамыған ғылымы мен креативті инфроқұрылымы бар, жарқын студенттік жастар қаласы. Біздің қаламызда жыл сайын ұлттық жоғары оқу орындарын дайындайтын ең үздік шығармашылық кадрлар шоғырланған.

Біз креативті индустриялар паркін салу жобасын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл парк материалтану, энергияны сақтау және тасымалдау, криогеника, кванттық материал, астрофизика, оптикалық физика, жоғары энергия физикасы, опто-және микроэлектроника, сығылған материя теориясы, биотехнологиялар, медицина, жер туралы ғылымдар және т.б. сияқты салаларда жаңа әзірлемелерді дамытатын болады.

а

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір