• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:49:34
Алматы
+35°

2020 жылдан бастап «Болашақ» стипендиясына арналған квотаның барлық түрі алынып тасталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ҚР Мемлекеттік хатшысы, шетелде кадр дайындау жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, «Болашақ» бағдарламасының жаңа ережесінің жобасы енгізілген.

Оған сәйкес, келесі жылдан бастап үміткерлерге жаңа талап қойылады. Атап айтқанда, басымдыққа ие мамандықтарға баса назар аударылады. Стипендияға үміткерлер ағылшын тіліне жетік болғандықтан келесі жылдан бастап шетелге жібермес бұрын тілдік дайындықтан өту талабы алынып тасталады.

– Тағы бір жаңалық – біз квотаның барлық түрінен бас тартамыз. Қазір мемлекеттік қызметшілер үшін, инженерлік-техникалық мамандықтар үшін квота бар. Осы квоталар жойылады. Бір ғана жалпы конкурс және мақсатты дайындық болады, – деді Рүстем Биғари.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір