• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:03:59
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

Николя Саркози:  Еуропа құрдымға кетті, оған кінәлі –Трамп  

Ал Трамп «америкалық арманын» жүзеге асырғысы келеді

 

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Еуропаның құрдымға кетіп бара жатқанына алаңдайды. Француздардың экс-президенті Н. Саркози Mundo газетінің сайтына берген сұхбатында әлемдік саясатта Еуроодақ мемлекеттерінің нағыз ойыншы бола алмай отырғанын айтты. Ал оған кінәлі кім?

Ғасырлар бойы әлемдік өркениеттің кіндігі Еуропа құрлығы саналып келді. Ал қазіргі даму Шығысқа қарай ойыса бастады. Әлемде 7 миллиардтан астам адам тұратын болса, оның 4  миллиарды Азия мемлекеттері аумағында тұрады. Ал Еуропаны мекендеп жатқандардың саны шамамен 800 миллион адам ғана. Біз әлемдік дамудың  орталығына айнала алмай отырмыз. Оның басты себебі –демографиялық өсімнің күрт төмендеуі,–дейді экс-президент Николя Саркози.

Экс-президенттің ойынша, 27 елдің басын қосқан «қарт құрлық» елдерін әзірге біртұтас ұйым деп атауға келмейді. Брекзит  мәселесі мұны нақты айқындап берді. Қазір ЕуроОдақты біріктіріп тұрған төрт нәрсе ғана, ол–шенген аймағы, еуро, қорғаныс және одақ қана.

Николя Саркози сондықтан болашақ Еуропаның қалай болмағын ойлау керек, ол үшін ескі тұжырымдамалардан бас тартқан жөн деп санайды.

–Біздің өз арманымыз болғаны дұрыс. Адамдар қайда бара жатқанын білуі керек. Әрекетсіз отырғанымыздан қайда бағыт алғанымызды қазір аңғару қиын. Ескі еуропалық өркениеттен қалған жұрнақ біздің әлі де өз арманымыз мен амбициямыздың барын дәлелдеп отыр. Сондықтан да Еуропаны өлтірмеуіміз керек. Ал Трамп «америкалық арманын» жүзеге асырғысы келеді,  ол Еуропаның әлсірегенін қалайды,–дейді Францияның экс-президенті Николя Саркози.

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір