• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:48:33
Алматы
+35°

Краковтық "Висланың" жаңа ойыншысы, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Transfermarkt.com мәліметінше, Жуковтың трансферлік құны - 1,2 миллион еуро. Осылайша, қазақстандық футболшы "Висланың" ең қымбат ойыншысы атанды. Бұл тізімде екінші орында Польша құрамасының хавбегі Якуб Блащиковски тұр, ол миллион еуроға бағаланады. Үшінші орында жартылай қорғаушы Вулнет Баша, оның трансферлік құны - 750 мың еуро.

Айта кетейік, 25 жастағы Георгий Жуков бұған дейін алматылық "Қайраттың" намысын қорғаған болатын. Жартылай қорғаушы өз карьерасында бельгиялық "Беерсхот", голландиялық "Рода", ресейлік "Урал" және елордалық "Астана" сапында ойнаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір