• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:53:00
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қараша, 2019

Атырауда ҰҚК екі Қытай азаматын ұстады (видео)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытай азаматтарының ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"19 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі Қытай азаматын ҰҚК уәкілетті қызметкеріне 2 миллион теңге көлемінде пара берген кезде ұстады және тергеу изоляторына қамады", - делінген хабарламада. 

Атырау қаласында еңбек қызметімен заңсыз айналысқан шетелдікке қатысты соттағы әкімшілік іс қарау кезінде олардың пара алғаны расталды. 

"Сонымен қатар, пара берген адам Қытай азаматтарына одан әрі жалпы қамқоршылық үшін ай сайын 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы ұсынған. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады",-деді ҰҚК-нің баспасөз қызметінің өкілі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір