• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:38:36
Алматы
+35°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев журналистердің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "қызметкері парамен ұсталған басшыны жауапқа тарту" туралы  заңына қатысты  қойған сұрағына жауап берді. Сағынтаевқа бүгін, 29 қарашада Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте  журналистер "егер қол астыңыздағы қызметкер парамен ұсталған жағдайда отставкіге кетесіз бе?" деген сауал қойған. 

Алматы әкімі журналистердің бұл сұрағына "Құдай сақтасын, бірақ қол астымдағы қызметкерлер парамен ұсталған жағдайда заң бойынша отставкаға кетуге мәжбүрмін" деп жауап берді. Оның айтуынша, отставканы қабылдау-қабылдамау туралы шешім президенттің еншісінде.

28 қарашада президент Тоқаев "қызметкері парамен ұсталған басшыны жауапқа тарту" туралы заңға қол қойды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тоқаев қол қойған бұл заң бойынша "мемлекеттік қызметкерлер: министрлер, олардың орынбасарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары өздеріне тікелей бағынатын қызметкерлері парамен ұсталса, отставкаға кетуге арыз жазуы тиіс" деп мәлімдеген. Ақорда сайты заңның толық мәтіні жақын арада баспасөз бетіне жарияланатынын хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір