• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:35:47
Алматы
+35°

Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында екі көлік бір-біріне соғылып қалды. Оқиға салдарынан 12 адам зардап шекті, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. . 

Оқиға  28 қараша күні  түнгі сағат 23:30 шамасында Ақтөбе - Атырау – Астрахань тас жолының 743-ші километрінде болды.

"Исатай ауданы Манаш ауылы маңында Toyota Ipsum маркалы екі көлік бір-бірімен бетпе-бет соғылды. Апаттан кейін Аққыстау аудандық ауруханасына 12 адам келіп, көмек сұрады. Медициналық тексеруден кейін он адам үйіне жіберілді", –  деп "ҚазАвтожол" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай мәлімдеді.

Ауруханада екі адам қалды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бірі ауыр халде жатыр.

Полицейлер апаттың себебін тергеу барысында анықтайды. Жол апаты жүргізушілердің жөнделіп жатқан жол учаскесін көрмей қалуынан болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ҚазАвтожол" жолдың жөндеуден өтіп жатқаны туралы ескертетін барлық қажетті белгілер орнатылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір