• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:22:40
Алматы
+35°

2019 жылғы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Прогресс катализаторы» жеке қорымен және ШҚО Ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысының 19 қаласы мен ауданында тактикалық дайындық бойынша әскери-патриоттық клубтар мен «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының өкілдеріне арналған шеберлік сыныптарын өткізді. Іс-шара өскелең ұрпақтың бойына жоғары азаматтық белсенділікті, отансүйгіштік сезімін сіңіруге, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға, тұлғаны   қалыптастыруға және Отан алдындағы жауапкершілікті оятуға, салауатты өмір салтын және жастар арасында дене шынықтыру мәдениетін, спорттың әскери-қолданбалы түрлерін насихаттауға бағытталды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары келесідей міндеттерді шешуді алға қойды:

  1. Адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
  2. Жастарды әскери қызметке дайындауға ықпалдасу;
  3. Спорттың техникалық және әскери-қолданбалы түрлерін дамыту;
  4. Зияткерлік және физикалық белсенділігін дамыту;
  5. Қазақстанның әскери-тарихи мұрасын зерделеу және сақтау;
  6. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жаппай ағартушылық жұмысты ұйымдастыру.

Іс-шараның бірінші бөлімінде қатысушыларға автомат бөліктерінің құрылысы және оның жұмыс істеу механизмі, жаппай зақымдау құралдарынан қорғанудың әдіс-тәсілдері бойынша теориялық білім берілді. Екінші бөлімде қатысушылар автоматпен ату кезінде денені дұрыс ұстау, жатып ату кезіндегі сарбаздың өзін дұрыс ұстауды үйренді. Газтұтқышты және жалпы әскери қорғаныс комплектісін кию, сонымен қатар автоматты жартылай бөлшектеу және жинау бойынша шеберлік-сыныптары өткізілді.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – кез-келген мемлекеттің алдында кесе-көлденең тұрған басты міндеттердің бірі. Сондықтан осы тектес іс-шаралар жай ғана әлемдік тренд емес, сонымен қатар «патриот» дегенді жай сөз ретінде ғана емес, өз елін өркендетуге бастайтын  терең мағыналы ұғым ретінде санайтын жас ұрпақты  тәрбиелеудің бір құралы болып табылады.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір