• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:54:57
Алматы
+35°

Бұл – мегаполистің он айының қорытындысы бойынша көрсеткіш.

Қалалық Стратегия және бюджет басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп 5,1%-ға, инвестиция 3,1-ға өскен. Қала тұрғындарының табыстарының өсуі байқалады.

Үшінші тоқсанда орташа айлық көлемі 220 мың теңгеден асты. Іскерлік белсенділіктің өсуі және тұтыну сұранысының қалпына келтірілуі туралы бөлшек және көтерме саудадағы тауар айналымының көлемі тиісінше, 11,8%-ға (2 801,8 млрд.теңге) және 1,3%-ға (9 036,9 млрд. теңге), құрылыс 3,2%-ға өсуі байқалады.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 8,8%-ға артты (1 552,5 мың шаршы метр). Экономикадағы оң үрдістер мемлекеттік бюджетке салық түсімін 11,8%-ға (1 659,3 млрд. теңге) өсуін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізді. Соның ішінде республикаға 13,7%-ға, жергілікті деңгейде 5,5%-ға артық. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп.

Негізгі 6 саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатордың он айдағы қорытындысы 104,9%-ды құрады. Бұл республикалық деңгейден (104,7%) артық.

Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыровтың айтуынша, қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен 8,8 млрд теңге инвестициялық жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, білім беруге – 594,6 млн теңге, әлеуметтік әл-ауқатқа – 2,1 млрд теңге, мәдениетке – 2,1 млрд теңге және басқа да маңызды бағыттар бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір