• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:45:52
Алматы
+35°

Тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында биыл 13 000 адам тұрақты жұмыс көзін тапса, 6000 азамат уақытша жұмысқа орналасты. Бұл туралы Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы хабарлады.

Бағдарламада бұдан өзге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мемлекеттік гранттар ұсыну қарастырылған. Әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер мен жастарға жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК немесе 505 мың теңгеге дейін мемлекеттік грант беріледі.

NEET санатындағы жұмыссыз азаматтар мен жастар үшін базарларда, теміржол вокзалдарында, жәрмеңкелерде және басқа да қоғамдық орындарда жұмыспен қамтудың 10 жылжымалы орталығы құрылды.

Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалады. Бүгінгі күні ол көрсеткіш 5,1 пайызды (2014 ж. – 5,5%, 2018 ж. – 5,2%) құрайды.

Еңбек нарығын кеңейту үшін Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы @enbek_almaty_bot Telegram ботының іске қосылатындығын жариялады. Онлайн-платформа мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беруге, сондай-ақ азаматтар үшін кері байланыс құралдарын ұсынуға арналған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір