• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 17:13:23
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қараша, 2019 Әлеумет

Зайырлы мемлекет дінсіз қоғам емес

Қазіргі уақытта Қазақстанда тиімді өзара әрекеттестігі мен қолайлы өмір сүру жағдайы қалыптасқан 130 этникалық және 18 конфессиялық топ бар. Конфессияаралық қарым-қатынастың қазақстандық бірегей үлгісінің негізінде қалыптасқан бейбітшілік пен келісім, дін және мәдениетаралық диалог әлемдік эталон мен өзге елдерге үлгі ретінде әділ мойындалған.

Діни және руxани прогресстің бостандығын қамтамасыз етуге, азаматтық бейбітшіліктің нығаюы мен сақталуына және елдегі конфессияаралық келісімге бағытталған сенімді мемлекеттік саясаттың негізінде жоғарыда аталғандардың барлығына қол жеткізіп отырмыз.

Жалпы, қазіргі таңда дінаралық бейбітшілікті нығайтып, азаматтардың санасын деструктивті идеологиядан қорғау мақсатында Алматы қаласының әкімшілігі Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының ұйымдастыруымен жылдың басынан бастап әскери қызметтегілерге, темір жол қызметкерлеріне, оқушылар мен студенттерге деструктивті ағымдарға қарсы іс-шаралар жайлы дәріс өткізілуде. Дәріскерлер ретінде  қаламыздың беделді оқу орындарының білікті оқытушы-профессорлары, психолог, дінтанушы-теолог мамандары, заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын ақпараттық түсіндіру тобы құрамы бекітілді.

Тәуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясаттың айқын бағыты ар-ождан бостандығы қағидаларын жүзеге асыру мен табынушылық тәжірибеге мемлекеттік институттардың араласпауы болатын, ал мемлекеттің зайырлы сипаты еліміздің басты заңы – ҚР Конституциясында бекітілген еді. Нақтырақ айтсақ, Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген.

Демек, зайырлылық немесе мемлекеттің зайырлы түрі дегеніміз –

әлеуметтік және саяси билікті ұйымдастырудың басты формасы ретіндегі мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни бірлестіктердің ықпал ету салаларын ажырату.

Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, конфессиялық немесе діни Тәуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясаттың айқын бағыты ар-ождан бостандығы қағидаларын жүзеге асыру мен табынушылық тәжірибеге мемлекеттік институттардың араласпауы болатын, ал мемлекеттің зайырлы сипаты еліміздің басты заңы – ҚР Конституциясында бекітілген еді. Нақтырақ айтсақ, Конституцияның 1-бабында – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп көрсетілген.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша дін саласындағы мемлекет саясатын ел азаматтарының 86% қолдайтынын көрсетті. Осылайша,

азаматтардың діни бостандық құқықтарының қамтамасыз етілуі, этнос және конфессия аралық келісімнің нығаюы мен сақталуы, сонымен қатар, зайырлылық қағидасының негізіндегі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

Сонымен бірге, оны қолдап отыру мемлекет тарапынан ғана емес, азаматтық қоғам, соның ішінде діни қоғамдар тарапынан да күш салынуын талап етеді.

Тұрғындардың санасына «рухани және діни құндылықтар ғылымның, өнердің, өнеркәсіптің, азаматтық қоғамның дамуына қандайда бір кедергілер тудырмауы және тежемеуі қажет, керісінше елдің гүлденуіне, барлық саланың дамуына қолайлы жағдайлар құруы тиіс екендігі» идеясын жеткізу аса маңызды.

Негізгі идея Қазақстанның экономикалық өзгеруі рухани құндылықтардың қатар өзгертуін көздейтіндігіне негізделген. Бұған қоса, рухани құндылықтар, әлемінің қоғамдық дамуының заманауи реалиясына жауап бере, елдің даму процестерінің белгілі бір идеологиялық негізін қалыптастырады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір