• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:33:35
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Үстіміздегі жылдың 10 айында Қазақстаннан көп мөлшерде сыртқа қаржы аударылған. Бұл туралы finprom.kz./ ақпараттық порталы хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында шетелдік банктерге Қазақстаннан 540,4 миллиард доллар қаржы аударылған. Бұл өткен жылғыдан 8,2 пайыз көп.

Ал шетелден біздің елімізге келіп түскен қаржы 290,2 миллиард теңге, бұл өткен жылғыға қарағанда 1 пайызға азайған.

Сонда Қазақстаннан қай елдерге қаржы аударылған? Бірінші орында орыстар, екінші орында өзбектер тұр. Он айдың ішінде Ресейге 171,9 миллиард теңге, ал Өзбекстанға 119,6 миллиард теңге аударылған.  Туркияға 75,5 миллиард, Қырғызстанға 70,5 миллиарда теңге кеткен көрінеді. Жалпы алғанда сырт елдердің банктеріне аударылған ақшаның 81 пайызы аталған төрт елге тиесілі болып отыр.

Ал Ресейден Қазақстанға 112,5 миллиард теңге келген. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея (54,5 миллиард). Үшінші және төртінші орынды Өзбекстан (25) мен Қырғызстан (24 миллиард) алып тұр. Демек, мұның барлығы алыс- беріс пен Қазақстанда жұмыс істеп жатқан жеке тұлғалар және өндіріс, кәсіпорындар арасындағы сауда көрсеткіші болса керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір