• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:23:59
Алматы
+35°

Бүгін – Мүгедектердің халықаралық күні. Осы атаулы күнге орай, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мен меценат Сәуле Наурызбаева және Астория мейрамханасының әкімшілігі бірлесіп қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оған 175 мүмкіндігі шектеулі бала шақырылды.

а

Мерекелік шараға ұйытқы болғандардың бірі Сәуле Наурызбаева балалар мен олардың ата-аналарына осы күнді бірге атап өтуға атсалысып жатқандарына алғысын айтты.

– Алдымен бүгінгі шараға келіп, бізді қолдағандарыңыз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Қайырымдылық акциясына келген әр баланың жүзіндегі күлкіні көріп біз де қуанып тұрмыз. Салтанат сарайының шаңырағына ең әдемі, ең үздік, ең ақылды, рухы күшті балалар жиналыпты. Біздің ортақ мұратымыз – бүлдіршіндеріміздің денінің саулығы. Сондықтан балаларымыздың арбамен емес, өз аяғымен жүріп-тұрғанын қалаймыз. Бүгін мереке. Осында жиналған 175 бала үшін ғана емес, ата-аналар үшін де мереке. Осы мерекемен баршаңызды құттықтаймыз. Бұл қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып отырған алғашқы әрі соңғы шара емес. Алда да көптеген игі істермен балаларымызды қуантуға тырысамыз, – деп лебіз білдірді.

Шара барысында қазақ эстрадасының өкілі Айжан Нұрмағамбетова ән айтып, "Есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаттың оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі өзге де балалар өнерлерін көрсетіп, анимациялық шоу ұсынылды.

а

а

а

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір