• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 04:55:48
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

03 Желтоқсан, 2019 NEWS

Алматыда қалалық Жастар кеңесіне үміткерлердің өтініштерін қабылдау жалғасуда

Консультативтік-кеңесші органның міндеті – жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді іске асырудың тиімділігін талдау және қала жастарын дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Кеңеске іріктеу онлайн-дауыс беру арқылы жүргізіледі. Жастар кеңесіне өз кандидатураларын ұсыну құқығы тек Алматы қаласы жастар ұйымдарының өкілдеріне ғана тиесілі.

Тіркелу және қатысу үшін  «https://almatyjastary.kz/» сайтында «Жастар кеңесі» айдарындағы «Тіркеу» бөлімінде өтінім қалдыру керек. Бүгінгі таңда жастар ұйымдарының өкілдерінен 47 өтінім келіп түсті. Жастар кеңесіне 18-ден 35 жасқа дейінгі 25 жас кіреді.

Өтініштерді қабылдау 2019 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

Ескерте кетелік, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңеске өтініштер қабылдау 21 қарашада басталған болатын.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір