• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:15:02
Алматы
+35°

Шымкентте әйел өзін өртеп жіберді. Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда  болды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған әйел ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі қалалық полиция бөліміне сілтеме жасап. 

1988 жылы туған әйел Тассай ықшамауданындағы Юсуф Сареми көшесінің бойында бензинмен өзін өртеген. Ол гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Қазір зардап шегуші жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер әйелдің жағдайы ауыр екенін айтты.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, шымкеттік тұрғынның өзін-өзі өртеуіне жас жігітпен қарым-қатынастың үзілуі себеп болған. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға тарту» бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір