• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 17:07:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қараша, 2019 Маңғыстау облысы

Жемқорлықпен күрес күшейді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігінің Маңғыстау облыстық Департаменті аумақтық бөлімшелерде, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 99 ұсыныс әзірленді, олардың 41-і осы уақытқа дейін орындалған.

«Барлық дерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері үшін әдеттегі бұзушылық «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларының сақтамауы болып табылады. Интернет-ресурстарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат жоқ немесе толық емес, орындалған жұмыстар туралы есептер орналастырылмайды, ақпараттың сапасы, өзектілігі мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізілмейді», - деді департаменттің Алдын алу жане парасаттылық басқармасынын басшысы Қуандық Абельдинов.

Мамандардың айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі Комиссияның қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған. Айта кету керек, 2019 жылы Маңғыстау облысында экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 5638 адамды құрайды.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі (бұдан әрі - ТКШ бөлімі) қызметінде мемлекеттік кәсіпорынның жеке ұйыммен электр энергиясын беру және тарату қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ Ақтау қаласының көшелерін жарықтандыру объектілерін электрмен жабдықтауға 193 062 999 теңге сомасына шарт жасасқандығы анықталған.

-«2019 жылғы 1 қаңтарда ТКШ бөлімінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы болып табылатын «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК (бұдан әрі – АЭЖБ) «Alliance EnergoSnab-Актау» ЖШС-мен (бұдан әрі - ЖШС) электр қуатын беру және тарату қызметтерін ұсыну туралы келісім жасасқан. Электр энергиясын жеткізу тарифін ескере отырып, электр энергиясын беру және тарату қызметтерін көрсетуге мемлекеттік сатып алу бір көзден жүргізілген», - деді мамандар.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 12 наурызында ТКШ бөлімі осы ЖШС-мен Ақтау қаласындағы көше жарықтандыру объектілерін электрмен жабдықтау қызметтерін ұсынуға 193 062 999 теңге мөлшерінде ТКШ бөлімі бастығының бұйрығы негізінде тікелей келісімшарт жасасқанын анықтаған.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында көрсетілген қызметтер үшін аталған ЖШС-ке 100 миллионнан астам теңге төленді.

Айта кету керек, 2018 жылы Ақтау қаласындағы көше жарықтандыру құралдарын жеткізуге арналған бұл қызметтерді 148 495 000 теңге сомасына ұсынды және бұдан басқа, Ақтау электр желілері АЭЖБ-нің балансында.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Мемсараптама» РМК-ның Батыс аймағындағы филиалының қызметін талдау барысында уәкілетті орган белгілеген мөлшерден нақты жалақы қорының мөлшерінен асып кетуіне жол бергені анықталды. 

Уәкілетті органмен 2015 жылға арналған даму жоспарында бекітілген жалақы мөлшері 161 200 000 теңгені құрады, 2015 жылға нақты жалақы мөлшері 172 510 000 теңгені құрады, оның ішінде: тауар өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалақысы 118 028 000 теңге (жоспар 104 500 000 теңге), әкімшілік қызметкерлерге сыйақы төлеу - 41 212 000 теңге (жоспарға 300 300 000 теңге), басқа да қызметкерлерге сыйақы - 13 270 000 теңге (жоспарға 12 400 000 теңге).

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір